14:46
Ақ халатты абзал жандарға арналған концерт

Сіздерге деп арналған бұл шаттық күн,
Тілек тілеп айғайлайды бір тәтті үн.
Шын жүректен құттықтаймыз Сіздерді
Әрқашан да бақытты боп шат күлің.

Әр күндеріңіз жеңістерді құрасын,
Емделушің тек бақыттан жыласын.
Алғыс алып ондаған мың адамның,
МӘМ-нің  Дәрігерлері жасасын!

Бүгін 17- маусым Щучье қаласындағы МӘМ-де,қоғамымыздың ең басты байлығы –  адам денсаулығын сақтаудағы  үлкен рөл атқаратын,ақ халатты абзал жандардың төл мерекесімен құттықтауға арналған шағын мерекелік концерт өткізілді.

Концертте директор  Ш. С. Ташкеева мен қызмет алушылар Т. М. Жакупова дәрігерлерімізді құттықтап алғыс білдірді. Г.Н.Кожевина өзі шығарған құттықтау өлең оқып, қызмет алушылардан құралған хор  әндер шырқады. 

Бізде  жұмыс істейтін әр бір дәрігерлерімізді құттықтап,оларға арналған өлеңдер оқылып, силықтар берілді.

Мерекемізде көптеген көңілді әндер шырқалды олар: «Қайдасың», «Биле», «Лада», «Две ладошки», «Цветет черемуха», «Мереке күніңмен», «Оранжевые сны», т,б.

Концертіміздің соңы дискотекамен аяқталды.

Просмотров: 140 | Добавил: vasbo | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar