Өмір сүрейік достар қол ұстасып...

 «Саған біреу дос болар, басынан бағын тайғанша, енді біреу дос болар астынан тағын тайғанша»-демекші. Бес күндік жалған өмірде доссыз өмір тұл. Доссыз адам жапырақсыз ағаш сияқты ғой. Басына түскен қайғыңды да, қуанышынды да бөлісетін жан досын болмаса тіршіліктің мәні де, сәні де болмас. Ия, «жалғыздық-құдайға ғана жарасқан»-деп, ауызы уәлі данышпан халқымыз айтпақшы, өмірден дос таба алмай қаншама адамдар өтіп жатыр. 
 Доссыз өмірді көз алдына елестетіп көріңізші? Шын ықыласымен жүрек жылуын бөлісіп, сырласып іштегі шеріңді досынмен бөлісе алмасаң күйкі тірлік кешіп межелі мезгілінен бұрын қартаймайсын ба? Рас, мен оны өз басым күнделікті жұмысымда көріп, байқап, аңғарып ішке түйіп жүрмін. Қазіргі күні Щучинск қаласындағы «Қарттар мен мүгедектер үйіңде» 101 қария мен мүгедектер әлеуметтік жағынан қамтамасыз болып мемлекеттің қамқорлығында өмір сүріп жатыр. Бір шаңырақтың астында барлығы да әр ұлттың ұлысы болса дағы достықтың ізгілікті жолымен бір-бірімен еркін тіл табысып, тату-тәтті өмір сүріп тіршілік кешіп жатыр. Бұрын лауазымды қызмет атқарып, айналасы толған дос-жаран болғандар біздің қамқорлығымызда сол достарын сағынып кейде, өткен бақытты шақтарын еске алады. Бірақ ол дәурен енді қайталанбайтының біліп іштен тынып, күрсініп ғана қояды. Біздің «Қарттар мен мүгедектер үйінің» әкімшілігінің басты міндетті. Жалғыздықты жар қылған, Үкіметтің қамқорлығына алынған қам көңіл жандардың арасындағы достықты нығайтып, ынтамақ-бірлікті жарастырып тату-тәтті өмір сүруді күн жоспарына мықтап енгізіп қойған. 
 Әрбір жиналыс сайын қызмет алушылар Т.М.Жакупова, Н.И.Тоскунова, Г.Н.Кожевина, А.Ф.Курячев, К.К.Жумабеков, К.И.Темиргазин және тағы басқа қызмет алушылар, бірлік бар жерде, тірліктің басым болатынын ұстанып ретінде айтып отыруын қадағалап, ескертіп отырады. Сондықтан біз достықтың не екенін қарияларымызға түсіндіріп насихаттап жиі-жиі кеңес өткізіп, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Бірақ өмірде ащы мен тұщының дәмін қатар татқан қарияларымызбен сұхбаттасқанымызда оларда достықтың не екенін бізге өздері үйретіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, сырласып бір жасап қалады. Қамшының сабындай қысқа тіршілік толқынында достықтың жалауын биік көтеріп, тату-тәтті өмір кешейік. Бұл бүгінгі біздің басты ұстанымыз.
 Сауле Оспанова
 «Қарттар мен мүгедектер үйінің» әлеуметтік саласының маманы